АЛПЫС ТҰРҒЫН ЖҰМЫС ТАПТЫ
Бүгін әкімдердің есеп беру жиыны Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылдық округінде жалғасты.
Аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан округ аумағында 80 шаруа қожалығы мен 370 отбасының мал өсірумен айналысып отыр. Өткен жылы жылы мүйізді ірі қара 726 басқа, түйе 226 басқа, жылқы 543 басқа және қой-ешкі 115 басқа көбейген.
Есепті жиында ауылдық округтің әкімі Б.Дәулетжанов былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ақтан» шаруа қожалығы 7 млн теңгеге Зеңгі баба тұқымын асылдандыруға кіріскенін жеткізді. Сонымен қатар, 2 кәсіпкер, 18 жеке шаруа қожалығы 26 асыл тұқымды бұқа сатып алып, осы бағдарламаға сәйкес мал басына берілетін мемлекеттік субсидияға қол жеткізген. Ал, «Бірлік» және «Рахат» шаруа қожалықтары «Арал ырысы» несие серіктестігінен алынған 9,5 млн теңгеге 29 сиыр, 11 түйе, 1 жылқы алып, шаруашылықтарын ілгерілетуде.
Тағы бір айта кетерлігі, ауылдық округ көлемінде былтыр мал ұрлығы оқиғасы тіркелген жоқ. Жұмыс сұраушы ретінде тіркелген 76 адамның 61-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ауыл тұрғындары белсенді қатысқан есепті кездесуде осылайша өткен жыл таразыланып, алдағы нақты міндеттер баяндалды. Халық бір ауыздан ауданда атқарылған шараларға оң бағасын берді.