БІЛГІРЛЕР МЕН ТАПҚЫРЛАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы "Көшбасшылар" клубының ұйымдастыруымен қала мектептері оқушылары арасында "60 секунд" интеллектуалды чемпионатының 3-ші айлық ойыны өткізілді.
Қатысушылар алғашқыда 30 интеллектуалды сұраққа жауап беріп, 2-ші бөлімде әлемдік мәселелер бойынша мақала жазудан бақ сынасты.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша І орынға 39 ұпаймен №15 мектеп-лицейі шықса, ІІ орын 30 ұпай жиған №144 орта мектепке бүйырды. Әрқайсысы 28 ұпай жинаған №5 мектеп-лицейі мен №264 мектеп-лицейі үшінші орынды өзара бөлісті.
Алдағы уақытта ойынға қатысатын жастар қатарын көбейтіп, олардың шығармашылығын дамыту бағытында басқа да іс – шаралар ұйымдастырылмақшы.