ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Нұрлыбек Мыңжас, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы жетекшісі Владимир Толоконников пен корей этномәдени орталығы бірлестігі басшысы Юрий Ким Елбасының билік тармақтарын қайта бөлу жайлы Үндеуіне орай пікірлерін білдірді,
- Қазақстанның барлық азаматтары секілді біз де тарихи Үндеуді тыңдау үстінде үлкен толқу үстінде болдық. Тәуелсіздіктің алғашқы ширек ғасырындаҚазақстан Президенттік басқару арқылы көп жетістікке жетті. Бүгінде бүкіл әлем бізді экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік тұрақтылықты ту еткен қуатты мемлекет ретінде таниды. Ең бас¬тысы, Қазақстан ширек ғасырда бейбітшілік пен келісім салтанат құрған көпұлтты халықтың алтын бесігіне айналды. Кеше ғана Сирия келісімін бастаған еліміз әлем алдында өзінің бейбіт өмірді қалайтын мемлекет екендігін тағы бір мәрте танытты.
Елбасы атап өткендей, қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сондықтан да Президент осындай қадам жасады. Бұл біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның алда да гүлдене беруі жолындағы жарқын қадамның бірі болмақ,– деді Владимир Толоконников.
Брифингте бұл өзгеріс Қазақстандағы демократиялық үдерістерді жетілдіру жолында, жалпы, мемлекетіміздің дамуы бағытында маңызды бетбұрыс болатыны жайлы айтылды.
- Елбасының кешегі Үндеуін елі мен халқының болашағына алаңдайтын адамның ұзақ жылғы толғанысының түйіні деп қабылдадым. Мен Қазақстан республикасының азаматы ретінде бұл қадамның әр сәті таразыға тартылып, сан рет салмақталып барып қабылданғанына сенімдімін. Елімізде барлық бағдарламалар, Ұлт жоспары 100 қадам мен «Нұрлы жол» бастамалары табысты жұмыс істеуде. Осы істі Үкіметтің әрі қарай жалғастыруы ең дұрыс шешім деп ойлаймын. Біз бұл бағытта Елбасын қолдауға тиіспіз, - деді Юрий Ким.

Брифингте Нұрлыбек Мыңжас та бұл бастаманың ел келешегі үшін маңызды екендігін атап өтті.