«ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАН-ТАСЫҒЫШТАРЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Роскосмос «Протон-М» зымыран-тасығыштарының бірінші және екінші сатысындағы барлық қозғалтқыштарын Воронеж механикалық зауыты кері қайтарып алды.
«Коммерсантъ» басылымының хабарлауынша, «Протон-М» зымыран-тасығышының екінші сатыдағы сұйықтықты қозғалтқыштарының біріне жүргізілген сынақ барысында ақау байқалды. Атап айтқанда, құрастыру кезінде қымбат металдары бар материалдардың орнына ыстыққа төзімсіз компоненттер қолданылған. Салдарынан соңғы жылдары шығарылған барлық қозғалтқыштарды өндіріс орнына - Воронеж механикалық зауытына қайтару туралы шешім қабылданды.
Аталған оқиға Федералды қауіпсіздік қызметі мен Тергеу комитетінің назарында тұр. Олар құжат бойынша дұрыс деп көрсетілген қозғалтқыш материалының қалай ауысып кеткенін анықтауда.
Басылым ондаған қозғалтқыштардың кері қайтарылуы Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылымына әсер етуі мүмкіндігін атап өтті.