ҚЫЛМЫСТЫҢ АШЫЛУ КӨРСЕТКІШІ АРТТЫ
Қызылорда облысындағы қылмыстың тіркелуі өткен жылы анақұрлым төмендеп, еліміздің өзге аймақтарымен салыстырғанда бірінші орында тұр. Есепті мерзімде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 20, 2 пайызға, ауыр қылмыстар саны 10,7 пайызға төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов мәлімдеді.
Оның айтуынша соңғы жылдары ішкі істер департаменті мен төменгі құрылымдардың материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықталу жағдайы аймақ басшысы мен депутаттық корпустың қолдауымен біршама жақсарған. Соның нәтижесінде өткен жылы аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші 2,8 пайызға, кісі өлтіру қылмыстарының ашылуы 0,6 пайызға жақсарса, зорлау және бопсалау қылмыстарының ашылу көрсеткіштері 100 пайызға жетіп отыр.
- Сонымен қатар, тіркелген мал ұрлығы қылмысы 21,7 пайызға төмендеп, қылмыстардың ашылу көрсеткіші 14,0 пайызға жақсарды. Айта кетейік, жасалып жатқан жұмыстарымыздың оң нәтижесі ретінде тұрақты түрде бақташымен қамтылған Шиелі ауданына қарасты Нартай Бекежанов ауылдық округінде соңғы 3 жылда бірде-бір рет мал ұрлығы орын алған жоқ, - дейді ОІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев.
Сонымен қатар жиын барысында ОІІ Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Е.Жаукеевтің және ОІІД Көші-қон полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі С.Омаровтың баяндамалары тыңдалып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Фариза ОМАРОВА