АЯҚ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Есепті кездесу Шиелі ауданы Қарғалы ауылында жалғасты. Тұрғындар алдында есеп берген ауыл әкімінің міндетін атқарушы Д.Әбуов елдімекенде аяқ су мәселесі шешіліп, биыл 45-50 гектар жерге бау-бақша, көкөніс өнімдерін егу жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Ауылдық округке қарасты «Бұланбай бауы» елді мекенінде 1225 тұрғын бар. Негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысатын ауылға былтыр аудандық бюджеттен 9 млн. 135 мың теңге бөлініп, көшелер асфальтталды.