КӨПҰЛТТЫ АУЫЛДА АУҚЫМДЫ ТІРЛІК БАР
Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашов пен ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Б.Байбарақов ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Ауыл тұрғындары ауылдың дамуына байланысты жасалынып жатқан жұмыстарға қанағаттанарлық баға берді.
Бір шаңырақтың астында көп ұлтты біріктіріп отырған ІІІ-Интернационал ауылында 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 11 шаруа қожалығы күріш, бақша, көкөніс өндіріп, мал шаруашылығын өркендетумен шұғылданады.
Ауылда 2 тұрғын «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша мал шаруашылығын дамытуда. Сонымен бірге, аталмыш бағдарламамен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «БадиНур» 100 орындық жекеменшік балабақшасы пайдалануға берілді. Бұған қоса, ауылдық округте сүт өнімдерін өндіру және сату бойынша «Ақбұлақ 7H» кооперативі құрылды.