БҮГІН ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРҚАСЫН МЕН КӨКТАЙҒАҚ КҮТІЛЕДІ
26 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Батыс облыстарда жауын-шашын болады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде бұрқасын соғып, жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде түнде жел күшейеді, күндіз оның екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің күші Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-қа артады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20-қа м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жоғарылайды. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа артады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде бұрқасын болады.
Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі, кей жерлерінде түнде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.