ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН КӘСІБИЛІКТІ АРТТЫРАДЫ
Елбасы арнайы Үндеуімен барша қазақстандықтарға аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынды. Бұл билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу міндетімен байланысты. Күн сайын дамып, жаңарып келе жатқан әлемде өміршең, өзінің ерекшелігімен жұмыс атқаратын саяси жүйе құру уақыт талабы екені белгілі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу арқылы қазіргі президенттің өкілеттілігін бөлу мәселесін алға тартты. Аталған жүйенің жұмыс істеу ұстанымын зерделеуде Елбасының ұйғарымымен арнайы құрылған жұмыс тобы жасақталып, өз есебін берді. Баяндалған реформа екі негізгі бағыттан тұрады. Оның алғашқысы, президент өкілеттілігінің әлеуметтік – экономикалық үдерістерді реттеудегі мәселелерді Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға жүктеуде болса, ал екіншісінде Парламенттің ролін күшейтіп, министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар екінші бағыт бойынша парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Б ұл процесс арқылы биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауы күшейтіледі.
Аталған реформа қоғамдық талқылауға салынады және арнайы құрылған жұмысшы тобы келіп түскен ұсыныстар арқылы негізгі қорытынды жасайды. Елбасы өз сөзінде бұл екі бағыт бойынша жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі көп екенін айтып, жаңа саяси жүйенің күрделі екеніне тоқталды. Бұл бағыт мемлекетті басқарудың тиімділігін күшейтетін бірден-бір жүйе екені даусыз.
Сәулет САХИЕВ,
Ақпараттық талдау орталығының директоры,
саяси ғылымдары кандидаты.
Сәулет САХИЕВ,
Ақпараттық талдау орталығының директоры,
саяси ғылымдары кандидаты.