МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕРЕЙІ – МЫҒЫМДЫҒЫНДА
Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекетімізді мығымдаудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сондықтан да, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жария еткені бәрімізге белгілі. Бұл кезеңде билік тармақтарының атқарар міндеттеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін өмірдің өзі алға тартуда. Өйткені, биліктің басты міндеті – қоғам, мемлекет пен жеке адамның мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Олай болса, Президенттің басқару жүйесін сақтай отырып, Президент, Парламент, Үкімет және өзге органдар арасындағы өзара қарым-қатынасты бүгін қоғам үрдісіне сәйкестендірудің уақыты келді.
Президенттің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді Үкіметтің құзырына жатқызу арқылы атқарушы биліктің ел алдындағы жауапкершілігін арттырамыз. Өйткені, осы уақытқа дейінгі Президенттің күшті билігі, екінші жағынан, оның көтерер міндетін де ауырлатты. Үкіметтің кейбір сәтсіз реформаларының да жауапкершілігін Президенттің өзі көтеруге тура келді.
Үкіметтегі кадрлық өзгерістер мен жаңа басқару органдарын құруға өкілді биліктің тікелей араласуы демократиялық принциптердің нығая түсуіне мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесіне де серпіліс жасап, халық билігінің негізгі формасы болып табылатын – мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ролін арттырады деп сенеміз.
Елбасы ұсынысымен басталған мемлекеттік билік тармақтарындағы өзара өкілеттілікті қайта бөлу дер кезінде қолға алынды және ол еліміздің Конституциялық дамуына жаңа екпін береді деп күтеміз.
Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.