САБАҚТАСТЫЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ САҚТАЛҒАН
Бүгін Елбасы - Ұлт Көшбасшысы халыққа билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді бөлу туралы Үндеуін жария етті.
Менің пікірімше ең бастысы - Үндеуде саяси жүйені жаңалаудағы сабақтастылық ұстанымы сақталған. Ол Қазақстан қоғамының демократиялық бағытта дамуын одан әрі тереңдетуде жатыр. Бұған дейін қабылданған 5 институтционалдық реформаның соңғысында көрсетілгендей, Ашық Үкімет идеясы енді нақты іске асатын болатын. Бұл да сабақтастық көрінісі. Сонымен қатар бұл жаңару Қазақстан Республикасының өркениетті саяси дамуға түбегейлі бет бұрғанын білдіреді деп ойлаймын.
Саяси биліктің бұрын Президенттің құзырында болып келген 40-жуық өкілеттіліктері Парламент пен Үкіметке жүктелетін болады. Парламенттің Үкімет құрамын жасақтаудағы рөлі арта түспек. Бұл қадам өз кезегінде халықтың билікке деген сенімін күшейтіп, ішкі саяси тұрақтылықтың іргесін одан сайын бекіте түседі. Сондай-ақ азаматтардың саяси ойлау мәдениетін арттыруға ерекше серпін береді деп білемін.
Тәуелсіздіктің 25 жылында президенттік билік өзін-өзі ақтады. Ал қазіргі әлемдік саяси жағдайда ең дамыған елдердің қатарына оңтайлы кірігу үшін мемлекеттің саяси жүйесін өзгертудің кезі келгенін Елбасы дәл анықтаған. Билік тармақтарының өкілеттіліктерін арттыра отырып, олардың арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру арқылы қазіргі заманғы сын-қатерлерге барлық мемлекеттік органдар мен азаматтардың мүдделіктері артады деп сенемін. Сонда барып Қазақстан қоғамына сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерді шығынсыз еңсеруге мол мүмкіндіктер туындайды. Біз өз тәжірибемізге сүйеніп қана өзгере де жаңара аламыз. Себебі, саяси жүйені қайта реформалаудың әмбебап моделі жоқ әлемде. Мұндай сапалық тұрғыдан жаңару үдерісіне әрбір ел өз жолымен жететін болса керек.

Нұрлыбек МЫҢЖАС,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Қазақстан халқы ассамблеясы
кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Қазақстан халқы ассамблеясы
кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.