ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ САПАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қызылорда облысына жасаған сапарында бірқатар нысандарда болды. Облыс орталығындағы жаңадан бой көтерген «Нұр Орда» мөлтек ауданында болып, облыс орталығын жылумен қамтамасыз ететін басты нысан-жылу электр орталығының жұмысымен танысты.
Осыдан кейін Үкімет басшысының бірінші орынбасары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жұмысын бастайтын шыны зауытының құрылыс алаңына барды. Сырдарияның сол жағалауын жалғайтын жаңа көпір мен сол жақ жағалау құрылысының жобалық жұмыстарымен танысты.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Сыр өңіріне жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімдігінде жиын өтіп, онда аймақты дамыту мәселелері талқыланды.