БАЙСЫН ЖҰРТЫ БЕРЕКЕГЕ КЕНЕЛДІ
Ауыл әкімдерінің халық алдындағы есебі жалғасуда. Былтыр атқарылған жұмыстардың есебін беріп, биылғы жылдың жоспарларымен бөлісу мақсатында Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі М. Қазыбаев халықпен кездесті.
Ол кездесу барысында өткен жылы С.Аймағанбетов көшесі асфальтталып, С.Ережепов, С.Асанов көшелерінің тұйықтарына қиыршық тас төселіп жай жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін, сондай-ақ Б. Әбдімомынов, С. Ережепов, С. Асанов көшелерінің тұйық көшелері мен 9 кварталдағы жаңа көшенің құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
Биылғы жылы екі көшенің тұйықтарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, Ә. Палмағанбетов көшесін жарықтандыру және ауылдағы шағын спорт алаңын қайта жөндеуге 3,0 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаты дайындалған болатын.
- 2016 жыл Байсын ауылы үшін ауыл шаруашылығы саласында үлкен серпіліс болды деуге болады. Егіншілік саласында атқарылған үлкен жұмыстардың бірі Қамыстықақ каналының қайта қазылып, су шайып жарамсыз болып қалған су өткізгіш латок пен гидротехникалық қондырғыларды қалпына келтіру жұмыстары болды. Нәтижесінде егін көлемі екі есеге артты. Канал арқылы 1200 гектарға жуық күріш егістігін суландырады. 2015 жылы барлық егін көлемі 484 гектар болса, 2016 жылы 779 гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Күзгі егін жинау науқанында барлық дақыл түрлерінен межеден жоғары өнім жиналды. Оның ішінде 550 гектар күріш егісінің әр гектарынан 62,1 центнерден орта өнім өндірілді, - дейді ауыл әкімі.
Ауылдағы «Жеңсікбай» шаруа қожалығы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы арқылы мал бордақылау мақсатында 12 млн теңге, «Әлия» шаруа қожалығы 6 млн теңге несие қаржы алса, «Әулет» шаруа қожалығы «Облыстық Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы 50 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу үшін 10 млн теңге несие қаржы алып, өз жұмыстарын жүргізуде.