ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ӨҢІР ДАМУЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ
Үкімет басшысының бірінші орынбасары А.Мамин сонымен қатар Сырдарияның оң және сол жағалауын жалғап жатқан жаңа жаңа көпірге барды. Құрылысына 80 пайыз отандық өнім қолданылған көпір 180 тоннаға дейін жүк көтеруге қауқарлы. Ұзындығы 387 метр болатын 4 жолақты өткел 2014 жылы салына бастап, былтыр пайдалануға берілді. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме 5 жыл кепілдік міндетін атқарады. 9 тіреуішті көпірдің ғұмыры кемінде бір ғасырға жетуі тиіс.
Облыстық жолаушылар көлігі көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов мәртебелі мейманды сол жағалаудағы қала құрылысының жобалық жұмыстарымен таныстырды. Биылдан бастап дарияның осы бетіндегі аумақты кешенді түрде дамытуға, ірі құрылыс нысандарын салуға маңыз беріліп отыр. 1 500 гектардан астам жердегі жаңа қала сәулетінің шығыстық бояуы қанық болады. Онда 11 шағын аудан, индустриалды аймақ пен 3 саябақ, сондай-ақ халықтың сапалы өмір сүруіне қажетті әлеуметтік нысандар, бизнес орталықтары, сауда орындары бой түзейді. Оның арасында 46 балабақша, 23 мектеп, студенттер қалашығы, көпсалалы 2 аурухана, қарттарға арналған пансионат, тағы басқа нысандар бар. Сол жағалау аумағында болашақта жүз мыңға жуық адам тұрады.
Сыр еліндегі бас шаһардың даму барысымен танысқан ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Мамин облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын оң бағалады.
Сыр еліндегі бас шаһардың даму барысымен танысқан ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Мамин облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын оң бағалады.