КӘСІП АШҚАНДАР КӨБЕЙДІ
Бүгін Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашов пен Ақжар ауылдық округінің әкімі Қ.Мүсіркегенов ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Есеп беру барысында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар баяндалып, ауыл мәселелері талқыланды.
Ауылда тіркеуге алынған 60 кәсіпкерлік субъектісі бар. Оның ішінде 18-і сауда-саттықпен және басқа да қызмет түрлерімен айналысады. Мал және балық шаруашылығы бағытында 20 кәсіпкер жұмыс істейді, 3 тігін цехы бар. Жолаушылар және жүк тасымалдаумен айналысатындар қатары да артқан. Ауыл тұрғындары «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Сыбаға», «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары бойынша несие алып, мал басын көбейту, кәсіп көзін ашу бағытында нәтижелі жұмыс жасауда.