ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АРАЛАДЫ
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары одан кейін жылу электр орталығына келді. Қызылорданы жылумен қамтып отырған басты нысан іске қосылғалы жарты ғасырдан асқан. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин орталықтың қызметі жөнінде айта келе, жылу көзін қайта жаңғырту мәселесін көтерді.
Сыр елінің серпінді жобаларының бірі – шыны зауытында құрылыс қызу жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес атшаптырым аумақты алып жатқан нысан осы жылдың екінші жартысында қолданысқа берілуі тиіс. Жобаны жүзеге асыру үшін қарастырылған қаржының 80 пайызын «Қазақстан даму банкі» бөлсе, қалған бөлігін инвестор ретінде АҚШ-тың «Steward Engineers» компаниясы мен Қазақстан инвестиция қоры қаржыландырады. Құрылыс жұмыстарын «Orda Glass LTD» ЖШС жүргізуде. Серіктестіктің басқарма төрағасы Дәурен Ибрашев іске қосылғасын кәсіпорыннан жыл сайын 197 мың тоннадан астам табақша, энергия үнемдегіш, күннен қорғайтын және көпфункционалды шыны шығарылатынын жеткізді. Қажетті шикізаттың 95 пайызы – жергілікті өнімдер. Оның ішінде Арал ауданының кварц құмы, доламит пен әк тасы кәдеге жарайды. Құрылыс кезінде 500 адам еңбекпен қамтылған болса, нысан іске қосылғаннан кейін 310 адамға тұрақты жұмыс табылмақ.