ҚҰС ФАБРИКАСЫН САЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ
Бүгін Қармақшы ауданының әкімі С.Макашов пен Ақтөбе ауылдық округінің әкімі О.Мұнарбаев ауыл тұрғындары алдында есеп беріп, 2016 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ауылда өндірісті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында «Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауытын ашу» жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жоба Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді. Бизнес-жоспар әзірленіп, жоба құны (бизнес-жоспар бойынша) - 1 140,0 млн теңгені құрап отыр.
2017 жылы «Құс фабрикасы құрылысы объектісінің сыртқы инженерлік инфрақұрылымы желілерімен қамтамасыз ету» бойынша жоба-сметалық құжаттарын дайындауға және мемлекеттік сараптама алуға облыстық бюджеттен 20,1 млн.теңге бөлінді.