ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВКЕ АРНАЛАДЫ
Осы апта соңында, дәлірек айтсақ 28-29 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ардагер футболшылар арасында (40 жас және одан жоғары) футзалдан белгілі футболшы, жаттықтырушы, талай талантты жастың тәлімгері атанған Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған IV турнир өтеді.
Әбіл Қалымбетов бар ғұмырын Сыр футболына арнаған спортшы ретінде белгілі. Алаңға ойыншы ретінде шыққан 21 жыл ішінде ұзақ уақыт жергілікті команданың капитаны болды. Алты жүз сексен үш ресми матчқа қатысып, 24 голдың авторы атанды. Ойыншы ретінде карьерасын аяқтаған соң команда басшысы, бас жаттықтырушы, «Қайсар» ФК спорттық директоры қызметтерін атқарды. Төреші-инспектор ретінде ел чемпионаттарындағы ойындарға қазылық етті.
Спортшының жұбайы Дана Саймағамбетқызының айтуынша мемориалға республика облыстарымен қатар Ресей және Өзбекстаннан оннан астам ардагерлер командасы қатыспақ.
Еске сала кетейік, осыған дейін «ПетроҚазақстан» (2014), «Ардагер» (2015), «Қайсар» (2016) ардагерлер командасы Ә. Қалымбетов мемориалының жеңімпазы атанған болатын.
Барша футболсүйер қауымды Әбіл Қалымбетов турнирінің жанкүйері болуға шақырамыз.