«КӨЛЕҢКЕЛІ» ТАБЫСТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ
Алкоголь өнімінің заңсыз айналымына қатысты 8 қылмыстық іс өндіріске алынып, алтауы сотқа жолданды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Серік Мұстафаев мәлімдеді.
Оның айтуынша 2016 жылы жалпы 426 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. 315 қылмыстық іс аяқталып, оның 166-ы сотқа жолданған. Мемлекетке келтірілген 6,6 млрд. теңге залалдың 1,9 млрд.теңгесі өтеліп, тыйым салынған 92,9 млн.теңгелік мүлік мемлекет пайдасына өткендігі белгілі болды.
- «Көлеңкелі» экономиканың негізгі бағыттарының бірі жалған кәсіпкерлікке байланысты 39 қылмыстық іс қозғалды. 41 істің өндірісі аяқталып, 36-сы сотқа жолданды. Осы салада мемлекетке келтірілген залал мөлшері 3,6 млрд. теңгені құрап отыр. Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 6 қылмыстық іс қозғалып, заңсыз айналымнан 94 тонна шикі мұнай мен 10 млн.теңгенің мұнай өнімдері алынды. Қылмысқа қатысты тұлғалар сотталып, тауар тәркіленді, - дейді департамент басшысы.