ЖЕТІ АУЫЛДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Өткен жылы қызылордалық спортшылар республикалық, халықаралық чемпионаттардан 742 медаль жеңіп алды. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев мәлім етті.
Сыр спортшылары ел чемпионаттарында 695 медаль таққан. Олардың 203-ы алтын, тағы 203 күміс жүлде бар. Қалған 289-ы қола медаль. Ал Азия, әлем чемпионаттарынан бізге бұйырғаны 47 медаль. Оның 17-сі алтын, 13-і күміс және 17 қола. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 203 594 адамға жетті.
Облыс аумағында спортшылар дайындығын шыңдайтын 21 мектеп бар.
«Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында облыста шорт-трек бөлімшесі ашылды. Қазір онда 42 бала дайындалып жатыр. Сонымен қатар, аймақта спорттық құрылығыларға қолжетімділік артты. Соңғы 3 жылда 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл Еңбекші, Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Түгіскен, Сексеуіл және Төретамда облыс бюджеті есебінен спорт кешендері салынады», - деді басқарма басшысы.