МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БІЛІМ АЛАТЫН СТУДЕНТТЕР КӨБЕЙГЕН
Қызылорда облысында 2016/2017 оқу жылының басына 3 жоғары оқу орны жұмыс істеді, ондағы студенттердің жалпы саны 10070 адамды құрады. ЖОО-ның 1-еуі мемлекеттік болып табылады, онда 4240 адам оқиды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық статистика департаменті.
Студенттердің 8203-і (81,5%) күндізгі бөлімде білім алса, 1867 адам немесе 18,5% - сырттай оқиды. Мемлекеттік білім беру гранттары есебінен 435 студент (4,3%), білім беру қызметтерін сатып алу есебінен 9365 студент немесе 95,7% оқиды.
Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны 9934 адамды немесе 98,6% құрады. ЖОО-да оқу қазақ тілінде оқытумен қатар, 136 адамға орыс тілінде жүргізіледі (1,4%).
Қаралып отырған оқу жылында оқытуға және дайындауға 2979 студент қабылданып, 2015/2016 оқу жылына қарағанда 28,1%-ға көбейді.
2016/2017 оқу жылы бітіріп шыққан мамандар 3301 адамды құрады, бұл 2015/2016 оқу жылымен (3733 адам) салыстырғанда 11,6%-ға азайған.
Штатта тұратын профессорлық-оқытушылық құрамның саны 801 адам, қоса атқарушылық қызмет бойынша 40 оқытушы жұмыс істейді. Профессор-оқытушы қызметкерлердің 4% ғылым докторы, 40,8% ғылым кандидаты, 2,4% профессор және 6,4% доцент ғылыми дәрежесі барлар. Магистрдің академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны 266 адам немесе 33,2%, философия докторы (PhD) 10 адам немесе 1,2%.