ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ «GOOGLE TRANSLATE» ҒАЛАМДЫҚ АУДАРМА ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУЫ ӘР ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ
«Beeline Қазақстан» компаниясының қолдауымен «WikiBilim» қоғамдық қоры іске асырып жатқан, Google ғаламдық аударма жүйесіне қазақ тілін қосуға байланысты, «Google Translate + Kazakh» жобасы жаңа кезеңге өтті. Бұл кезеңде, Google Translate жүйесі ұсынған сөздер мен сөз тіркестерін бағалау үшін, қазақ және шет тілдерін меңгерген көптеген ынтагерлерді қайта жұмылдыру қажет.
Google Translate командасынан ««WikiBilim» ҚҚ алған хабарламада:
«Құрметті қазақ тілін білетіндер мен ынтагерлер! Жақында біз Google Translate қауымдастығын аштық, мұнда әрбір ынтагер тілдің дамуына өз үлесін қоса отырып, оның ары қарай Google Translate жүйесіне кіруіне ықпал ете алады. Google Translate автоматты аударма жүйесі болса да, біз қазақ тілін жақсы білетін жандардың көмегіне зәруміз. Осы жобаны жүзеге асыруда сіздердің көмектеріңізге шын жүректен үміт артамыз», - делінген.
Қазақ тілін әлемдік аударма жүйесіне қосу - Google Translate ынтагерлер қауымдастығын ашпас бұрын, қоғамды тартудан басталғанын естеріңізге саламыз.
«Вeeline Қазақстан 2012 жылы «Google Translate + Kazakh» жобасының серіктесі болды. Серіктестік шеңберінде, компания өзінің барлық мобильді интернет пен «Үйдегі Интернет» қызметін қолданушыларына Google Translate жүйесіне және қызметтің арнайы беттеріне үнемі тегін қосылу мүмкіндігін ұсынды. Негізгі міндет, екі тілде айна-қатесіз аударылған мәтіндерді және сөйлемшелерді қызмет базасына енгізу үшін, қазақ және ағылшын тілін меңгерген қазақстандықтарды жобаға мүмкіндігінше көп тарту болды. Beeline еліміздің ЖОО-да жобаның тұсаукесерін өткізді, оның барысында студенттер бірізді нұсқаулықтарды алып, науқанға бірінші болып қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді. Енді, Google Translate өтініші бойынша, ынтагерлер қауымдастығының мүшесі ретінде жобаның дамуына үлес қосуға барлық отандастарымызды шақырамыз», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Аексей Бендзь өз ойымен бөлісті.
«Google Translate + Kazakh» жобасына үлес қосам деген әрбр жан, келесі жаңартылған сілтеме арқылы, оған қатыса алады: http://translate.google.com/community. Жобаның қатысушылары ұсынылған сөзді немесе сөз тіркесін өзіне таныс тілден қазақ тіліне немесе керісінше аудара алады, машина ұсынған аударманың сапасын бағалап, сөздер мен сөз тіркестерінің ұсынылған аудармаларын дұрыс орналастыра алады. Мұндай операцияны орындау 5 минуттан аз уақыт алады.
«Beeline Қазақстан компаниясының арқасында біз, 2014 жылғы қаңтарға дейін жиналған мәтіндер базасын сараптап, бағалай алдық. Қазір Google Translate өтініші бойынша қоғамды қайта тарта отырып, басқа тілдерге аударылған қазақша сөздер мен сөйлемдердің базасын кеңейту керек. Барлық қазақстандықтардан өтінетініміз: аздаған уақыт тауып, ана тіліңіздің әлемдегі ең танымал аударма жүйесі қолдайтын тілдер клубына енуіне көмектесіңіздер!», - деп «Wikibilim» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы өз өтінішін білдірді.
Google Translate жүйесіне қазақ тілінің қосылуы, қазақ тілді интернеттің дамуына бағытталған, «WikiBilim» жобаларының бірі болып табылады.
«WikiBilim» қоғамдық қоры