ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚР ІІМ ТЖК төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаевтың төрағалығымен облыстағы төтенше қызмет саласының 2016 жылғы жұмысы қорытындыланды.
Онда «Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің 2016 жылғы жедел-қызмет жұмысының қорытындысы және 2017 жылға алға қойылған мақсаты» тақырыбында департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов баяндама жасады.
2016 жылы Қызылорда облысының аумағында 703 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді (2015 ж.–730). Зардап шеккен адамдардың саны 7,3 % азайды (2015 ж.-288 адам). Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қаза болғандардың саны 1,7 % төмендеді (2016 ж.- 59, 2015 ж.-60 адам). Материалдық шығын 37,2 млн. теңгені құрап, 3,1 % көбейді (2015 ж.-36,1).
Есепті кезеңге жасалған талдау негізінде облыстағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданғаны атап өтілді.
Басқосуда Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің ведомствалық бағынысты бөлімшелері мен құрылымдық мекемелері басшыларының баяндамалары да тыңдалды.
Жиын қорытындысында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары ағымдағы жылы барлық бағыттағы құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бұдан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы