ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕ ТҰЗ ЖӨНЕЛТУ АРТТЫ
Алдын–ала деректер бойынша 2016 жылдың қаңтар-қарашасында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 44447,0 мың АҚШ долларын құрады, немесе 2015 жылғы қаңтар-қарашасына қарағанда 39,8%-ға азайды, оның ішінде экспорт 18289,4 мың АҚШ доллар (32,9%-ға аз), импорт – 26157,7 мың АҚШ доллар (43,8%-ға аз).
Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер -60,5% (тұз – 49,9% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне, табиғи құмдар – 6,4%, мұнай және битуминозды жыныстардан алынған мұнай өнiмдерi – 4,2%), химиялық өнеркәсіп өнімдері -12,7%, малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 25,3% (күріш – 22,9%, жас немесе мұздатылған балық 2,4%), пластмассадан жасалған құбырлар – 1,5% құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 36,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (15,3%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (6,5%), мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар (14,7%), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (11,5 %), минералды өнімдер (1,6%), ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары (6,7%) әкелінді.