ӨЖЕТТІГІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ
Өткен жылы 28 қыркүйек күні 10 сағат 58 минутта Белкөл кенті Есмаханов көшесіндегі нөмірсіз үйдің жанып жатқандығы жөнінде «101» байланыс бекетіне хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша оқиға орнына барған өрт сөндірушілер Белкөл кенті 1-ші Линия көшесі № 62 үйдің 3 пәтері, № 62 үйдің 4 пәтері, №62 үйдің 6 пәтері толығымен және Есмаханов көшесі 34 үйдің шатыры өртеніп жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер жеткенше медициналық колледж студенті Ғалымжан Маратұлы 1-ші Линия көшесі №62 үйдің 3, 4, 6 пәтерлерінен газ баллондарын сыртқа шығарып, өрттің әрі қарай таралып кетпеуі үшін батыл әрекет жасаған.
Бүгін Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Ербол Әлішеров өрт сөндірудегі өжет қимылы үшін Ғалымжанды алғыс хатпен марапаттап, алдағы уақытта ел үшін аянбай еңбек ете беруіне тілектестігін жеткізді. Марапаттау рәсімінде Белкөл кентінің әкімі Ибрагим Асхат Ибрагим Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға өзінің алғысын білдірді.