АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ҰЛҒАЙДЫ
Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашов пен Дауылкөл ауылдық округі әкімі Н.Тоғызбаев тұрғындар алдында есеп берді. Есеп беру барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалып, тұрғындар тарапынан ұсыныс, пікірлер айтылды.
Былтыр «Тұрмағамбет» ЖШС 2463 гектар күріш егіп, одан орташа 50 центнерден өнім алды. Сонымен бірге, шаруашылық 200 гектар мақсары, 3 гектар бақша, 1 гектар көкөніс, 6 гектар картоп, 302 гектар жаңа жоңышқа екті. Округтегі экономикалық белсенді халықтың 250-і шаруашылықта жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, «Тұрмағамбет» ЖШС арқылы майлы дақылдардың көлемін 2000 гектарға дейін ұлғайтып, май өндіріп, сыртқа сату жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Тұрмағамбет» ЖШС арқылы майлы дақылдардың көлемін 2000 гектарға дейін ұлғайтып, май өндіріп, сыртқа сату жоспарлануда.