ТҮРКИЯ, ИРАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ СИРИЯДАҒЫ СОҒЫСТЫ ТОҚТАТУ РЕЖІМІНЕ КЕПІЛ БОЛАДЫ
Бұл туралы сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесудің қорытындысына орай өткен БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатында БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы Елшісі Стаффан де Мистура айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериштің атынан осынау маңызды шараны өткізген Қазақстанға, Сирияда бейбітшіліктің орнауы үшін маңызды үлес қосып келе жатқан Президент Назарбаевқа ришалығымды білдіргім келеді. Президент конференция табысты өтуі үшін жеке үлес қосып, барлық мүмкіншілікті жасады. Сонымен қатар Түркия, Ресей және Иранға Сириядағы соғыс режімін тоқтатуда кепілгер болу сынды жауапкершілікті өз мойындарына алғаны үшін алғысымды білдіремін. Бізге соғысты тоқтату қажет. Сириялық тараптан Сирия үкіметінің, сонымен бірге оппозицияның ролін атап өткім келеді. Олар үшін осы жерге келіп, ұзақ жылдардан кейін алғаш рет келіссөздер үстелінде бас қосу үшін саяси ерік-жігер қажет болды. Сондай-ақ Сирия үкіметімен бір бөлмеде отырған қарулы топтар да болды. Олар өздерінің өкініштері мен өтіні штерін естіді», - деді ол. Мистура келіссөздер барысында ең негізгі басымдық соғысты тоқтатуды қамтамасыз ету болғанын баса айтты. «Бұл барынша маңызды басымдық саналады. Егер 5 жыл бойы жанжалдан зардап шеккен сириялықтардың орнына қойсақ, сіздер соғысты тоқтатудың қандай маңызды екендігін түсінер едіңіздер. Сирия халқы қантөгіске ұласқан жанжалдардың тоқтағанын қалайды», - деді БҰҰ өкілі. Сонымен қатар Түркия, Иран және Ресей кепіл берген механизм әзірлеу бойынша жұмыстарды бастау қажеттігін атап өтті.