АУЫЛДАҒЫ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ»
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің тұрғыны Ж.Қалиев «Құлан» бағдарламасы арқылы 10 млн. теңге несие алып, жылқы тұқымын көбейтумен айналысуда. Сонымен бірге, осы бағдарлама аясында А.Іскендіров, Ә.Әбиевтер құжаттарын дайындап, өткізген.
Бұл дерек Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Б.Бисембаевтың халыққа есепті кездесуінде айтылды. Округ бойынша 505 бас мүйізді ірі қара, 198 бас жылқы, 18 бас түйе, 367 бас қой, 281 бас ешкі малы, 50 бас құс бар. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары 767 бас мүйізді ірі қара, 546 бас қой, 484 бас ешкі, 564 жылқы, 93 бас түйе өсіріп отыр. Эпизоотиялық ахуалды жақсарту мақсатында Сібір жарасына қарсы 1340 бас мүйізді ірі қара, 3300 бас қой-ешкі, 400 бас жылқы, 45 бас түйе малдарына құтырма ауруына қарсы екпе жасалды. Аусылға қарсы 3800 бас мүйізді ірі қара, 6114 бас уақ мал аусылға қарсы егілді.
Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Әйтеке би - Ғ.Мұратбаев» автомобиль жолының екі жағындағы 5 гектар жасыл белдеуде 5000 түп көлеңкелі ағашқа күтім жасалуда.Елді мекенді абатандыруға бюджеттен 1113 мың теңге қаралып, «Орталық саябаққа» және «Атамекен» аллеясына 3 мың дана гүл егілді.