БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНДЫ
Аудан әкімі М.Оразбаев пен Мергенсай ауылдық округінің әкімі М. Құтмамбетовтің есеп беруіне ел көп жиналды.
Ауылдық округ әкімінің есебінде аумақтың негізгі кәсібі – балық аулау мен мал шаруашылығы болғандықтан алдымен осы бағытта атқарылған істер баяндалды. Атап айтқанда, 2016 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тастүбек елді мекенінен «Сейтпенбетов Дүзбай» шаруа қожалығы мүйізді ірі қара малын асылдандыру мақсатында «Несібе» шаруа қожалығынан бір асыл тұқымды бұқа сатып алды. Сонымен қатар, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Жасұлан Көпжанов қой тұқымын асылдандыру мақсатында 1 млн теңге көлемінде несие алған.
Жалпы бүгінде ауылдық округ бойынша тіркелген мал басына келсек, 1052 бас түйе, 423 бас сиыр, 937 бас жылқы, 1211 бас қой-ешкі, барлығы 3623 бас малды құрайды. Ал балық аулаумен ауылдағы «Жамбыл» өндірістік кооперативі, «Аста» ЖШС, «Бақыт» шаруа қожалығы және бір жеке кәсіпкер тұрақты айналысып келеді.
Соның ішінде, былтыр «Бақыт» шаруа қожалығының демеушілігімен Тастүбек елді мекеніндегі бастауыш мектептің жаңа ғимараты салынып, ел игілігне берілді.