СӘРСЕНБІ КҮНІ ЕЛ АУМАҒЫНДА ТҰМАН, БҰРҚАСЫН, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
25 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, батыс облыстарда жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын соғып, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25, күндіз 30 м/с-қа күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа артады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қызылорда облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с-қа артады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 17-22 м/с-қа күшейеді.
Атырау облысының кей бөліктерінде тұман, көктайғақ болжанады, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні күндіз 25 м/с-қа жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел ұйытқиды.