АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ КӘСІБІНІҢ НӘСІБІН КӨРІП ЖАТЫР
Қазалы ауданына қарасты Басықара ауылдық округінің әкімі О. Жәмшейтов 2016 жылы атқарған жұмыстары жөнінде халық алдында есеп берді.
Ауылда 10 шаруа қожалығы, 7 аралас заттар дүкені, 1 шаштараз, 1 асхана, әртүрлі қызмет көрсету түрлерімен айналысатын 18 кәсіпкер бар.
- 2016 жылы мал шаруашылығын жандандыру мақсатында жаңадан «Ахмет» шаруа қожалығы ашылып, «Қазалы несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мүшелікке қабылданды. Қожалық «Құлан» бағдарламасы арқылы несие алып, мал шаруашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргізуде. Өз кәсіптерін жандандыру үшін 7 ауыл тұрғыны кәсіпкер болып тіркелді. Ауылшаруашылығы саласы бойынша 1094 бас мүйізді ірі қара, 861 бас қой, 1169 бас ешкі, 386 басжылқы бар. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізіліп, сырғаланды, - деді ауыл әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.