ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ
Қармақшы ауданы әкімдігі жанында арнайы құрылған комиссия 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтардың жұмыс стажын белгілеу барысында 1938 жылы туылған азаматтардың өткізген құжаттарында дәлелді айғақтардың болмауына байланысты еңбек өтілін белгілеуден бас тартқан.
Осыған орай зұлмат жылдардың зардабын тартқан ақсақалдардың өтініштерінің аяқасты қалмауы үшін Қармақшы аудандық прокуратурасы «1938 жылы туылған азаматтарға «тыл ардагері» мәртебесін беру» жобасын әзірленді.
Жоба аясында енгізілген прокурорлық ықпал ету актісі негізінде 35 ардагерге Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істегені жөнінде жұмыс өтілі белгіленіп, олардың құқықтары қорғалды.
Қазіргі таңда, аталған тыл ардагерлердің әрқайсына айы сайын 4 518 теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленуде.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі