ӘКІМДЕР ЕСЕБІ ЖАЛҒАСУДА
Қазалы ауданы әкімінің және Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен өткізілетін есепті кездесуі 24 қаңтарда Арықбалық, Көларық, Сарыкөл ауылдық округтері мен Қазалы қаласында жалғасын тапты.
Арықбалық ауылдық округі бойынша округі әкімдігі аппаратына 2016 жылы аудандық бюджеттен 93,4 млн. теңге бөлініп, 99,6 пайызға орындалды.
Округ бойынша 5 дүкен, 1 монша, 1 наубайхана жұмыс жасайды. Сондай-ақ, 26 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады.Ауыл ішінде екі жерде көлемі 0,8 га құрайтын жасыл белдеу орналасқан.
2016 жылы «Құлан» бағдарламасымен «Фарида» шаруа қожалығы 10,8 млн.теңге, «Ш.Жалғасбаев» шаруа қожалығы 18,0 млн теңге, «Сыбаға» бағдарламасымен «Т.Рзақұл» шаруа қожалығы 2,8 млн теңге несие алса, жеке кәсіпкер Т.Еріш «Өңірлерді дамыту қоры» арқылы 2 млн теңге несие алып, наубайхана ашты.
Округте 26 шаруа қожалығы мал өсірумен қатар мал азығын дайындап, өздерінің шаруашылықтарын қамтамасыз етуде. Округ бойынша 2634 бас мүйізді ірі қара, 800 бас жылқы, 88 бас түйе малы, 2215 бас қой, 1883 бас ешкі бар. Түрлі ауруларға қарсы егу, диагностикалық тексеру және сырғалау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік саласын қолға алып келе жатқан тағы бір елдімекен Көларық ауылдық округі.
Округте 1 кәсіпкер жолаушылар тасымалымен айналысып, 6 кәсіпкер такси қызметін көрсетеді.
Ауыл шаруашылығында «Сыр маржаны» ЖШС 2016 жылы 2100 га жерге күріш егіп, әр гектарынан 49 центнерден өнім алды. Сонымен бірге 1261 гектарға жаңа жоңышқа егіліп, 1721 гектар алқаптағы көне жоңышқа күтімге алынды. 200 гектар бидайдан 2200 центнер, 100 гектар сүрлемдік жүгеріден 7000 центнер өнім алынды.
2016 жылы «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық нәтижесінде «Қуаныш» шаруа қожалығы 60 бас жылқы малын алып, өсіруде.
Ауылдық округте 497 бас жылқы, 1518 бас қой, 1661 бас ешкі бар.
Инновациялық жаңа жобаларды жүзеге асыруда «Шеңгелді» учаскесінен «Сыр маржаны» ЖШС 2015 жылы 500 басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылып, қазіргі таңда 3000 басқа кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
2016 жылы аудандық бюджеттен 53459,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл қортындысымен 99,2 пайызға игерген Сарыкөл ауылдық округі.
Ауылда қазіргі таңда 8 кәсіпкер тіркелген. 3 кәсіпкер ауыл тұрғындарын азық-түлік және тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етеді. 5 кәсіпкер жолаушы тасымалымен айналысады. Округте 16 шаруа қожалығы, балық өндірісімен айналысатын 2 жеке кәсіпкер тіркелген. Округ бойынша 2766 мүйізді ірі қара, 5989 уақ мал, 1384 жылкы, 316 түйе бар.
Сонымен қатар, Қазалы қаласы бойынша 2016 жылы аудандық бюджеттен 204,9 млн. теңге қаржы бөлініп, 99,5 пайызға орындалды.
Қазалы қаласында 294 кәсіпкер бар. Оның ішінде 41 дүкен, 29 түрлі қызмет көрсету нысаны, 35 такси, 15 жолаушылар көлігі халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қаланың 164 тұрғыны Әйтеке би кентіндегі орталық базарда түрлі кәсіппен айналысады. Кәсіпкерлік саласында 459 адам жұмыспен қамтылған. 2016 жылы 28 кәсіпкер тіркелді.
2016 жылы Қазалы қаласынан «Бейімбет» өндірістік кооперативі құрылып, мамыр айынан бастап өз қаражатымен жеміс-жидек өнімдерін консервілеп, қауын-қақ тіледі, сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар шығаруда.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алуға үміткер 42 азаматтың құжаттары дайындалып, өткізілді. Оның ішінде, 2016 жылы мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген 2 азамат 8 млн. теңге және тігін шеберханасын ашу үшін 1 азамат 3 млн. теңге несие алды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 1 азаматқа 80 млн. теңге несие беріліп, ұн тарату өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмалдар өнімдерін өндіру саласы бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сонымен бірге, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы Қазалы қаласының 2 азаматы жылыжай шаруашылығын дамытуға және тігін шеберханасын ашуға 6,1 млн. теңге несие алды.