КӘСІПКЕРІ КӨП АУЫЛ
Былтыр Қарашеңгел ауылдық округі әкімдігі аппаратына аудандық бюджеттен 140,9 млн. теңге қаржы қаралып, ол 99,7 пайызға игерілді. Бұл туралы тұрғындарға берген есебінде ауылдық округ әкімі А.Әбілхан хабарлады.
Округ бойынша 33 кәсіпкер бар. Былтыр ауылдың 6 тұрғыны кәсіпкерлікке ден қойып, такси қызметі, азық-түлік саудасы және мал бағумен айналысуда. Бір тұрғын өз қаражаты есебінен аялдама әрі аралас заттар дүкені құрылысын салып, халыққа қызмет көрсетіп отыр.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 11 адам несие алып, мал шаруашылығын дамытуға кірісті. Осы бағдарлама бойынша несие алу үшін 7 адамның құжаттары тапсырылды.
«Бөке» учаскесінде орналасқан «Өркен» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 млн.теңгеге 34 бас мал сатып алынды.
Өткен жылы типтік жобадағы 90 орындық балабақша құрылысы пайдалануға берілді. Сонымен бірге, Жалаңтөс баһадүрдің туғанына 440 жыл толуына орай аудандық бюджеттен бөлінген 70,5 млн теңгеге Жалаңтөс батыр ауылын абаттандыру үшін көшеге түнгі жарық шамдар, орталық алаң, шағын демалыс орындары, балалар ойын және спорттық тренажер алаңдары орналастырылды.