«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Қызылордада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2017 жылдың міндеттері белгіленді.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының атқарған жұмысы туралы баяндады. Өткен жылы депутаттар фракцияның 8 жиынын, 6 рейд пен көшпелі комиссия отырыстарын, 11 дөңгелек үстел, 5 семинар, әртүрлі деңгейдегі еңбек ұжымдарымен 9 кездесу өткізді. Бұдан бөлек 67 азаматты қабылдау өткізіліп, оның 78 пайызы (52 өтініш) оң шешімін тапты. Болашақта қызылордалықтар барлық деңгейдегі депутаттардың блог-платформаларына өтініштерін білдіре алады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен облыстық партия филиалының бас есепшісі Әсел Кәрімова партия филиалының атқарған жұмыстары мен бюджетті игеру нәтижелері туралы баяндама жасады.
Бұдан бөлек, саяси кеңес бюросының отырысында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның жұмыс жоспары бекітілді.