НЕСИЕ НЕСІБЕГЕ АЙНАЛДЫ
Бүгін Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округі әкімі Нұрғали Оспановтың есепті кездесуі өтті.
2016 жылы екі жеке кәсіпкер мен бір шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамыту үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 12,8 млн теңге жеңілдетілген несие алды. Жалпы 2012 жылдан бері ауылдық округтегі шаруашылық құрылымдарға «Сыбаға», «Құлан», «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында жалпы сомасы 97,1 млн теңге жеңілдетілген несие алынды.
Өткен жылы республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша Өзгент ауылындағы ұзындығы 1050 метр болатын Мұсаханов көшесі орташа жөндеуден өткізіліп, жаңадан асфальт төселді.
2016 жылы ауылдық округ әкімі аппараты Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Даму бағдарламасының 18.5 млн теңге грантын иеленіп, оған жергілікті бюджеттен 8.5 млн теңге қосымша қаржыландыра отырып, «Өзгент» көлінің жағасынан мүмкіндігі балаларға қолжетімді сауықтыру демалыс кешені салынды.