КЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ
Жалағаш ауданындағы Жалағаш кентінің әкімі Қ.Құлмахан тұрғындарға өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
Тұрғындар алдындағы есепті кездесуде кент әкімі былтыр атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Қазіргі таңда Жалағаш кентінде 1149 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Кенттегі кәсіпкерлік саласы сауда-саттық қызметі, көлік жөндеу, халыққа қызмет көрсету қызметтері бойынша дамуда.
Жалпы кент бойынша «Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы» бағдарламасына сәйкес өткен жылы 55 адам несие алды.
Есепті кездесуге жиналған қауым кент әкімінің атқарған жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін айтты.