КӘСІП БАСТАҒАНДАР КӨБЕЙДІ
Жалағаш ауданындағы Аққұм ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы саласымен бір заңды тұлға және 8 шаруа қожалығы айналысады. Бұл туралы ауылдық округ әкімі Т. Төлегеновтің халыққа берген есебінде айтылды.
Былтыр ауылдың 6 тұрғыны мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсіптерін бастауға қол жеткізді. Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша ауыл тұрғындарына 29 жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді.
«Аққұм Жер» ЖШС жер үлескері бар 140 отбасыға 50 данадан пресс шөп таратып, тұрмысы ауыр үш отбасыға шөп түсіріп берді. Күрішшілерге жалпы 4 млн. 736 мың теңге көтерме ақы төленді.
«Бақдәулет-57» фермерлік қожалығы салған 350 орындық тойхана, монша және ипподром ауыл адамдарының игілігіне айналды.