«АСЫЛ МИРАСТЫҢ» СӘБИЛЕРГЕ СЫЙЫ
Қызылорда облысында бала туу көрсеткіші республикадағы орташа көрсеткіштен қашанда жоғары болған. Дегенмен, нәрестелер арасында өлім-жітім де кездесіп отыр. Айталық, 2015 жылы 198 нәресте шетінеп кеткен. Олардың 74 пайызы шала туған сәбилер. Ал өткен жылы 7 айда 79 балаға неонатологтардың шұғыл көмегі қажет болды. 62 нәресте облыстық перинаталдық орталыққа тасымалданса, 17 сәбиді аудандық ауруханаларда ем алған.
Ал бүгін шала туған сәбилер өмірін сақтайтын Atom Transcapsul V-808 көлік инкубаторының екеуі қаладағы перинаталдық орталыққа жеткізілді.
Перинаталдық орталықта медициналық құрылғының таныстырылымына арналған баспасөз мәслихаты өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова, Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорының директоры – М.Айтмағамбетов, қала әкімінің орынбасары М.Молдабаев қатысты.
- Құны 48 300 000 теңге болатын өмірлік маңызы зор медициналық жабдық Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен «Charity Tour de Burabay 2016» қайырымдылық велошеруін өткізу кезінде жиналған қаржыға сатып алынды. Инкубаторлар нәрестелерді, әсіресе шала туған сәбилерді облыстық перинаталдық орталыққа тасымалдау кезінде оларды қоршаған ортаның әсерінен қорғап, баланың өмірін аман сақтап, оның әрі қарай өсіп жетілуі үшін қажетті ортаны жасап береді, - деді қор директоры М.Айтмағамбетов.
Айта кетейік, «Charity Tour de Burabay 2016» қайырымдылық велошеруінде барлығы 100 млн. теңге жиналып отыр. Қаржының қалған бөлігі Ақмола облыстық балалар ауруханасын қажетті медициналық жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталады.
Фариза ОМАРОВА