АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
2014 жылдың қазан айының 15-і күні ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің базасында жасақ құтқарушылары, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп «19 – қазан құтқарушылар күніне» орай «Ашық есік» күнін өткізді. Бұл іс–шараға Қызылорда қаласының «Жас өркен» және «Абылай хан» колледждерінің Төтенше жағдайларда қорғану мамандығы бойынша барлығы 120 студент қатысты.
Іс–шара барысында жасақ құтқарушылары студенттерді көрмеге дайындалған автотехникалармен, сүңгуір құрал-жабдықтарымен, химия–биология киімдері және жабдықтарымен, альпинистік және гидравликалық құтқару құрал-жабдықтармен таныстырды.
Мереке соңында «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары зардап шегушілерді биік ғимараттардан құтқару тәсілдерін көрсетті.
«ООӨАЖҚЖ» ММ