АҚИРЕКТЕ АУҚЫМДЫ ІС КӨП
Халық алдындағы аудан және ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесуі Ақирек ауылында жалғасын тапты.
Есепті кездесу барысында округ әкімі А.Ниязымбетов жергілікті тұрғындардың мемлекеттік бағдарламаларға ерекше ден қойып жатқанын айтты.
Соның ішінде, «Сыбаға» бағдарламасымен «Тағыберген» шаруа қожалығы 1 бас бұқа, «Сәуел» шаруа қожалығы 1 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, мемлекет тарапынан әрқайсысы 370 000 теңгеден қайтарымсыз субсидияға қол жеткізді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасымен мал бордақылау мақсатында Нұрбек Айтжанов 2 млн, Жасұлан Саяғұлов 3 млн теңге несие алып, жұмыс жасауда. Отбасылық кәсіпкерлік те жолға қойылып, 7 шаруа қожалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік мекемелерден тіркеуден өткізілді.
Өткен жылы округ көлемінде атқарылған жұмыстарға келер болсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылға 3 млн теңге қаржы бөлініп, ауыл көшелері жарықтандырылды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 5,4 млн теңге қаржы бөлініп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан бақша өнімдерін сататын павильон салынған.
Кнездесуде есеп берген аудан әкімі де 2016 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өтіп, осы жылы Қызылжар елді мекеніне кіре беріс жолы күрделі жөндеуден өтіп, орталық көшелері жарықтандырылатынын жеткізді.