ТІРЕКТІ ЕЛДІМЕКЕНДЕ ТОЛЫМДЫ ТІРЛІК КӨП
Ауданның тіректі елді мекені саналатын Қамыстыбас ауылдық округінде есепті кездесу өтті.
Түрлі сала басшылары мен жергілікті тұрғындар бас қосқан жиында округ әкімі Н.Ділмағамбетов өткен жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Өткен жылы «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша ауылішілік көшелерді жарықтандыруға 2 млн 324 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, 4 млн 300 мың теңгеге ауылдың кіре беріс автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жүзеге асқан.
Ал, кәсіпкерлік саласында жеке кәсіпкер Серік Дәрібаев 400 орындық «Жолдас» тойханасын салып, қуаттылығы жылына 18 тонна нан өнімдерін шығаратын наубайхана ашып ашты. Жеке кәсіпкер Ұлмекен Шалабаева да «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан алған несиесін наубайхана ашуға жұмсады. Сонымен қатар, кәсіпкер Ж.Үмбетов өз қаражаты есебінен ағаш өнімдерін өңдеу және пластик есік-терезе жасау цехын ашып, халыққа қызмет көрсетуде.
Ауылшаруашылық саласына келсек, ауыл тұрғыны Нұрбай Жүсіп қаз шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 1 млн теңге несие алып, жұмыс жасауда. «Құлан» бағдарламасы аясында Б.Асанова болса 10 млн теңге несие алып, 34 бие, 3 айғыр сатып алған.
Есепті жиында алда атқарылар міндеттер де ұмыт қалған жоқ. Атап айтқанда, Қамыстыбас ауылының ішкі су жүйесін қайта жаңғырту және «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырын тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл жағымды жаңалықты естіген тұрғындар мемлекет қамқорлығына алғыстарын білдірді.