АУЫЛҒА СЕРВИСТІ АУЫЗ СУ ЖЕЛІСІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Қазалы ауданына қарасты Құмжиек ауылдық округі бойынша округ әкімдігі аппаратына 2016 жылы аудандық бюджеттен 40 633,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілген, деп мәлімдеді ауыл әкімі Б. Баймаханов халыққа есеп беру кездесуінде.
Ауылдық округте Қ.Пірімов ауылында болған есепті кездесуде алдымен учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.Теміров округ бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Мұнан соң ауыл көлемінде атқарылған іргелі істерді ауыл әкімі Б.Баймаханов жеткізді. Өткен жылы ауылдың 216 тұрғын үйіне сервистік ауыз су желісін жүргізуге 79,4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар толығымен атқарылған.
Ал кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Н.Шамұратов әлеуметтік-экономикалық дамудың жекелеген көрсеткіштері бойынша өсуге қол жеткізгенін атап көрсетті.
Ауданның даму деңгейі мен алдағы жоспарланған жұмыстарды тыңдаған ауыл тұрғындары қос әкімнің де есебіне көңілі толатындықтарын жеткізді.
Жалпы ауылда 63 шаруа қожалығы тіркелген. «Байқоңыргаз» ЖШС және 14 кәсіпкер, оның ішінде 7 аралас сауда дүкені, 7 жолаушылар тасымалы халыққа қызмет көрсетеді.
Ауылшаруашылығы саласында 8867 уақ мал, 1952 мүйізді ірі қара, 5073 жылқы, 3979 түйе бар. Сонымен қатар «Жеңіс», «Аян», «Серимов Кеңес» шаруа қожалықтары мен «Байқоңыргаз» ЖШС асылтұқымды мал өсірумен айналысып отыр.
- «Құлан» жылқы шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама шеңберінде «Еңсепбаев Әбдірхан» ШҚ 10 млн. теңге несие алып, асыл тұқымды 44 жылқы өсіруде. Жергілікті өзін өзі басқарудың қолма қол ақшаны бақылау шотына түсірілген қаржының 299,0 мың теңгесіне «Басықара» каналы бойындағы көпірдің екі жақ беткейіне санитарлық тазарту жұмыстары атқарылса, 771,0 мың теңге қаржыға ауыл орталығындағы Жеңістің 70 жыл толуына орай орнатылған ескерткіш-белгіні қоршау жұмыстары жүргізілді, - дейді ауыл әкімі.
Сонымен қатар, ауыл орталығындағы Ғани Мұратбаев, Төлеген Ізтілеуов, Төреқұл Ақжігітов көшелері түнгі жарықшамдармен қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, «ҚазСуШар» ШЖҚ-ғы РМК-ның «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының инвестициялық бағдарламалар есебінен Қ.Пірімов ауылының 216 тұрғын үйіне сервисті ауыз су желісін жүргізуге 79,4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар толығымен атқарылды.