СУ МАРЖАНДАРЫ ЭСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛУДА
Арал ауданы Бөген ауылдық округінде балық шаруашылығындағы нәтижелі жұмыстар қуантады. Су маржандары Ресей Федерациясының Астрахань облысына, Краснодар өлкесіне, Әзірбайжан, Грузия елдеріне тұрақты жөнелтіліп жатыр. Бүгінде бұл іске 2016 жылы ашылған «Қарашалаң» сервистік дайындау орталығы ЖШС белсене жұмыс жасауда. Өңдеу орталығының күніне 50 тонна балықты қатыратын және 400 тонна балық сақтайтын мүмкіндігі бар.
Бөген ауылдық округінің әкімі Ш.Аңдызбаевтың ел алдындағы есебінде белгілі болғандай ауыл орталығының көшесіне 14 бағанға және Қарашалаң елді мекеніне 10 бағанға түнгі жарық шамдары орнатылған. Бұған қоса Қызылорда-Бөген бағытына қатынайтын маршрут ашылып, әр аптаның 3 күнінде тұрақты түрде жұмыс жасауда.
Нәтижелі атқарылған жұмыстарды саралаған есепті жиында ауыл ақсақалдары аудан басшысына ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Нәтижелі атқарылған жұмыстарды саралаған есепті жиында ауыл ақсақалдары аудан басшысына ұсыныс-пікірлерін жеткізді.