ЖҰМЫССЫЗЫ ЖОҚ АУЫЛ
Аудан әкімі М. Оразбаевтың ел алдындағы есебі Қосжар ауылдық округінде жалғасты.
Есепті кездесу барысында өткен жылы атқарылған ауқымды шаралар баса айтылды. Атап айтқанда, Қосжар ауылындағы ұзындығы 1,100 метрді құрайтын көшеге қиыршық тас жолын салуға «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 14,937 966 мың теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жасалды. Аталған көшеге жарықтандыру жұмыстары да жүгізілген.
Сонымен қатар, ауылдық округтің зор жетістігінің бірі жұмыссыздың мәселесінің болмауы. Себебі, жергілікті халықтың 76 адамы білім ошағында жұмыспен қамтылса, «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК-ында ауыл тұрғындарының 76-сы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Есепті баяндамасында ауыл әкімі М.Әбдікеров, ауылдық округ бойынша шаруа қожалықтарының саны да жыл санап артып келе жатқанын жеткізді. Соның ішінде, жеке кәсіпкер Ғалия Шағамбаева «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 млн 900 мың теңге несие алып, 1 бас өгіз, 10 бас аналық сиыр алса, «Досбол» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасымен 4 млн теңге алып, 2 бас айғыр және 14 бас бие алып, кәсібін өрбітуде.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер есебінен 2017-2018 жылдары кірпіш зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл аумақтың тұрмыс деңгейін көтеруге, халық санының артуына үлкен септігін тигізері анық.
Осылайша өткен жылдың ауқымды істерін ой елегінен өткізген есепке тұрғындар белсене қатысып, бір ауыздан жүргізіліп жатқан мемлекет саясатына риза екендіктерін білдіріп, аудан басшысының есебіне оң баға берді.