АУЫЛ АБАТТАНЫП КЕЛЕДІ
Жаңақорған ауданындағы Қандөз ауылдық округінің әкімі Р. Исаева ауыл тұрғындарына былтыр жүзеге асқан жұмыстар жайлы есеп берді.
Ауылдық округі бойынша халық саны 1526 адамды құрап отыр. Былтыр көркейту-көгалдандыру, абаттандыру бағдарламасы бойынша 3 277 мың теңге қаралды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы да толық игерілді.
Округте 11 шаруа қожалық және 2 дара кәсіпкер жұмыс істеуде. Дара кәсіпкер «Дуйсебаев Е» ет бағытындағы мал басын өсіру мақсатында 60 бас мүйізді ірі қараға мемлекеттен субсидия алды.
Есепті кездесуде ауыл тұрғындары қанағаттанарлық пікірлерін білдірді.