ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҚОЛДАУДЫ СЕЗІНУДЕ
Жаңақорған ауданындағы Қаратөбе ауылдық округінде өткен есепте де елдімекенде атқарылған жұмыстар жайлы айтылды. Ауылдық округ әкімі Қ. Қалдыбаевтың айтуынша Қаратөбеде бүгінде 24 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша «Сұңқар», «Бегайдар», «Тәллә», «Серікбай», «Байбатыр», «Нармахан» шаруа қожалықтары, «Сүйіндік -Ата», «Сұлтан», «Нұрасыл» дара кәсіпкерліктері өз істерін жүйелі дамытып келеді. Егін саласы бойынша 12 шаруа қожалығы, мал шаруашылығымен айналысатын 4 құрылым мемлекеттен субсидия алды.