ЖАС МАМАНДАР КӨБЕЙДІ
Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Ж. Әбілқайыров халыққа берген есебінде есепті кездесуде төмендегіше мәселелерге тоқталды.
Былтыр «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 4 маман 593 800 теңге бір жолғы көтерме ақы алды, бір маманға тұрғын үйге 3 181 500 теңге берілді. Ауылдағы 102 шаруа қожалығының 11-і мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы егіс көлемі 5580 гектар.
Мемлекеттен егісті қолдауға 59466,4 мың, мал шаруашылығы үшін 62645,3 мың теңге субсидия берілді. Есепті кездесуде өткен жылғы жұмыстар мен алдағы меже-міндет жайлы тыңдаған ауыл тұрғындары оң пікірлерін білдірді.