ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері аудандарды аралап, құқық қорғау органдарына алғаш қабылданатын азаматтарды тестілеуден өткізу тәртібін түсіндірді.
Аймақтағы 7 ауданда ұйымдастырылған семинарларға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдері және аудан тұрғындары қатысып, тестілеу қағидалары мен бағдарламалары, оның ұйымдастырылу барысымен танысты.
Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органда тестілеуден өтеді.
Осы ретте, жыл басынан аталған тестілеуге облыс бойынша 6 адам қатысып, оның төртеуі шекті мәннен асты.