ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ
Әйтеке би кентінің әкімі А.Ақжігітов жергілікті қоғамдастық мүшелері мен кент тұрғындарына былтыр атқарылған жұмыстар жайын баяндап, есеп берді.
Кездесуде кент әкімі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын баян етті. Өткен жылы осы бағыттағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына орай жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың таза су өндіретін «Тамшы су» цехы мен кәсіпкер Т.Игіліковтің «Балық өнімдерін өңдеу цехы» қызмет аясын кеңейте түсті. Жалпы кент бойынша 17 жоба іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен жалпы құны 178,8 млн.теңге құрайтын 6 жоба қаржыландырылып, бүгінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы субсидияланды.
Есепті кездесуде тұрғындар, кент әкімі Ардагер Өркенұлына көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Кент әкімінің жұмысын оң бағалады.